«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Химия сессиясының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің аймақтық форумы туралы АҚПАРАТ

27.04.2021

2021 жылғы 23 сәуірде «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және іске асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің өңірлік форумы шеңберінде химия пәні мұғалімдерінің сессиясы өтті.

Сессияның мақсаты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері арасында мақсатты білім беру процесін қамтамасыз ету, балалармен жұмыстың жаңа тиімді түрлерін іздеу, педагогикалық идеяларды шоғырландыру үшін тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңын құру болып табылады.

Сессияға Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 75 педагог қызметкері қатысты.

Форумның практикалық бөлімінде Ақмола облысы педагогтерінің бала тұлғасын дамытуға және химия мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған өнімді педагогикалық технологияларды енгізу негізінде білім беру процесін жетілдіруге арналған үздік тәжірибелері ұсынылды:

  •  «STEAM педагогикалық практикасы: іс-әрекеттегі оқу процесін ресурстық қамтамасыз етудің тиімділігі» Исаева Ирина Олеговна, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі;
  • «Үштілділікті жүзеге асыру аясында оқытудың тиімді әдістері арқылы білім беру сапасын арттыру» – Әубәкірова Динара Елемесқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі;
  • «Сараланған тәсіл - оқушылардың оқу сапасын арттырудың тиімді құралы» (шағын жинақталған мектеп жағдайындағы жұмыс тәжірибесінен) – Мынбаева Жанар Тасболатқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ  химия пәнінің мүғалімі; 
  • «Білім сапасын арттыру – қашықтықтан оқытудың басты мәселесі» – Әбділдина Ардақ Сәденқызы – «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі.

Сессия соңында форум қатысушыларымен рефлексия жүргізілді.

Өңірлік форумның қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тиімді білім беру процесін ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст