«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» тақырыбындағы өңірлік форумы аясында биология пәні мұғалімдерінің сессиясын өткізу туралы ақпарат

27.04.2021

2021 жылғы 23 сәуірде CLIL-оқыту практикасы арқылы білім беру процесіне қатысушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және оқытудың виртуалды құралдарын қолдану туралы озық практикаларды көрсету арқылы жаратылыстану–математикалық білім беруді арттыру мәселелері бойынша мамандардың кәсіби коммуникациясы үшін алаң ұйымдастыру мақсатында «Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы» тақырыбында өңірлік форумның биология пәні мұғалімдерінің сессиясы өтті.

Сессия жұмысында Ақмола облысы педагогтарының заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде оқытудың тиімділігін арттыру саласындағы жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

 «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И. Морозов атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ биология пәні мұғалімі Мұқанов Әділбек Әміржанұлы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін биология сабақтарында CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды қолдану мәселесі бойынша сөз сөйледі.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі Айят Цэрма зертханалық жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгеруге ықпал ететін оқытудың виртуалды құралдарын пайдалану және зертханалық жұмыстарды орындау процесінде өз бетінше байқаулар жүргізу мәселесі бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі Андрушинас Ольга Анатольевна білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы оқыту және оқыту үдерістерінің тиімділігін арттыру туралы айтып өтті.

«Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған  №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ биология пәнінің мұғалімі Торсунова Бақытгүл Рамазанқызы жеке жұмыс стилін, балама педагогикалық технологияларды меңгерген және нәтижесінде оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтардың шығармашылығы туралы баяндап берді.

Сессия жұмысына Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан барлығы 86 биология пәнінің мұғалімі қатысты.

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия жүргізіліп, ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст