«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи формалары, сапасы мен тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстелді өткізу туралы ақпарат

30.04.2021

2021 жылғы 29 сәуірде аудандар мен қалалардың мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен және облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қауымдастығының мүшелерімен «Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи формалары, сапасы мен тиімділігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі саласындағы педагогтердің жұмыс тәжірибесі ұсынылды:

  • Цемко Елена Николаевна, Ерейментау ауданы білім бөлімінің әдіскері SWOT - талдаудың интерактивті әдісін қолдану тәжірибесімен және мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыстың заманауи формаларының ерекшеліктері, артықшылықтары туралы ойымен бөлісті.
  • «Коучинг-сессияның» тиімді формасы мен ерекшеліктерін, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруде оқытудың белсенді түрінде педагогке қолдау көрсету туралы Ерейментау ауданы «Болашақ» бөбекжайының әдіскері Айман Қуанышқызы Оразбаева айтты.
  • мектепке дейінгі мекемеде озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау, тарату және енгізу мәселелері жайында Бұланды ауданы «Балдырған» мектеп-бақшасының әдіскері Нұрғалиева Зейни Құттыбекқызы айтып өтті.
  • Степногорск қаласындағы №4 «Арман» балабақшасының әдіскері Третяк Наталья Юрьевна өз сөзінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелі қолданудың маңыздылығы, тәрбиешінің рөлі, оның беделі мен балаларды құрметтеу жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысына барлығы 70-тен астам педагог қатысты. «Дөңгелек үстел» соңында рефлексия жүргізілді, онда педагогтер SWOT-талдаудың интерактивті әдісін қолдану негізінде мектепке дейінгі ұйымның қызметінің күшті, әлсіз жақтарының бағыттары бойынша мектепке дейінгі ұйымның ішкі әлеуетінің өзекті жай-күйіне баға берді, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар қабылданды

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст