«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"CPFED Uzdik IT Ustaz"турнирінің қорытындысы

16.04.2025

Ақмола облысының жалпы орта білім беретін информатика пәні мұғалімдеріне арналған "CPFED Uzdik IT Ustaz" Негізгі облыстық кезеңінің ІІ  ағымының республикалық турнирі өтті. Негізгі кезең Қазақстанның 13 өңірінде бір мезгілде өткізілді.

2024-2025 оқу жылында Турнир екі онлайн іріктеу кезеңінен және бір күндізгі негізгі кезеңнен тұратын 2 кезеңнен тұрады. Ақмола облысы бойынша негізгі кезеңге 25 информатика мұғалімі өтті. Негізгі кезеңдердің нәтижелері бойынша қатысушылар соңғы кезеңге таңдалады.

Ақмола облысынан ІІ ағымының негізгі кезеңіне екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 25 информатика мұғалімі қатысты. Екі сағаттық контест барысында мұғалімдер esep.cpfed.kz онлайн-платформа арқылы 5 тапсырманы орындады.

"CPFED Uzdik IT Ustaz" турнирінің қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

1 орын - Қыпшақбай Жолбарыс Есенбайұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл қаласы Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі;

1 орын - Иванец Александр Васильевич, «Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі

2 орын - Мұрат Жандос Аскерұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейі» КММ информатика пәні мұғалімі;

2 орын - Бейсембаев Арман Сағидоллаұлы, «Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі»;

2 орын - Пушкарев Владислав Антонович, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласы № 4 Толстой атындағы мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәні мұғалімі;

3 орын - Муташев Елдос Таласович, «Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Симферополь селосының жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі;

3 орын - Михалева Елена Валерьевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәні мұғалімі.

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст