Ақмола облысының педагогтері елордасы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Математика» пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» тақырыбындағы республикалық сайысқа қатысты. Білім бәсекесі өте тартысты өтті.Ақыл-ой додасына жұптық сайыстан барлығы 200 ұстаз бақ сынады. Яғни 20 облыстан 100 жұп қатысты. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша:
1)Рахымжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы Бурабай ауданы Зеленый бор ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен Абулхаков Жұмадулла Сунатуллаұлы Көкшетау қаласындағы Білім-инновация лицейінің математика мұғалімі- ІІ орын,
2)Дағыстан Алтынбек Дағыстанұлы Бурабай ауданы Урумкай ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мен Дауыл Ұлан Целиноград ауданы Қоянды мектеп-гимназиясының математика мұғалімі ІІІ орын,
3)Калмаганбетова Гүлайым Тастанқызы Бурабай ауданы #9 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен Оңғарбай Ғалымбек Бурабай ауданы #7 МЛ математика мұғалімі-ІІІ орын,
4)Муратов Мақсат Болатұлы Көкшетау қаласында #3 Абай ат.облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен Аяғанов Жәнібек Кенжибекұлы Көкшетау қаласы Техникалық мектеп-лицейінің математика мұғалімі жүлделі ІІІ орын ;
5) Целиноград ауданы Софиевка ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тонкер Айгуль мен Жарқайың ауданы Үкібаев атындағы ЖОББМ математика пәні мұғалімі Дамер Болатбек сертификатпен марапатталды.Аталмыш байқау педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Сәуірдің 4 күні іс-шара жалғасын тапты. Республикадан сайысқа қатысушы математика пәні педагогтері үшін “ Математикалық клуб”, қазақ тілі пәні педагогтері үшін “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует”тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинарына қатысты. Бұл іс-шаралар барысында педагогтердің алдына жауапты міндеттер жүктелді.