«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ФУНКЦИОНАЛДЫ ОЛИМПТІ БАҒЫНДЫРУ» ОНКҮНДІГІ

16.04.2025

Бүгінгі таңда білім беру саласында оқушылардың оқу процесіне қатысуына, ақпаратты талдауға және сегменттеуге, қорытынды жасауға және алған білімдерін әртүрлі оқу бағыттарында пайдалануға ықпал ететін функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға баса назар аударылады.

Осыған байланысты «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдері үшін «Функционалдық олимпті бағындыру» онкүндігін өткізді.

Онкүндік аясында: Математикалық сауаттылық күні, Оқу сауаттылығы күні, Жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы күні, Цифрлық әлемде оқыту күні өткізілді.

Онкүндіктің спикерлері функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмаларды талдай отырып, шеберлік сыныптарын, коучингтер мен тренингтерді көрсетті. Іс-шараға Ақмола облысының 800-ден астам педагогы қатысты.

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст