«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру жүйесінде көшбасшы болудың жолдары. Басқару тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар

17.04.2025

«Білім беру жүйесінде көшбасшы болудың жолдары. Басқару тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Бұл семинардың басты мақсаты – басқару саласындағы озық тәжірибе, заманауи тәсілдер мен тиімді басқару құралдарын талқылау арқылы жас басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және оларды қолдау болды.

 Іс-шараға 80 астам білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдістемелік кабинет қызметкерлері мен педагогтер қатысты.
 Пленарлық бөлімде қатысушылар білім беру саласындағы көшбасшылықтың мәні, мектепті цифрландыру, тиімді басқару стратегиялары және педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудің жаңа үлгілері бойынша мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
 Баяндамашылардың қатарында Зеленый Бор мектеп-гимназиясының директоры М.Қ. Рахимжанов, Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп директоры Э.В. Шлейнингер, әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар А.Б. Узбаева, №8 мектеп-гимназиясынан В.В. Тимко мен О.В. Шрейнер сынды тәжірибелі мамандар болды.

 Семинар аясында ұйымдастырылған дискуссиялық алаңдарда қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, "Қалай табысты басшы болуға болады?" тақырыбында коучинг-сессияға қатысты.

 Қатысушылар педагогикалық ұжымның инновациялық белсенділігін арттыру, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, жасанды интеллектпен жұмыс істеу сынды маңызды тақырыптарды талқылап, жаңа кәсіби көкжиектерге жол ашты.

 Қазіргі заман мектебі – бұл үнемі даму үстіндегі тірі жүйе. Сондықтан да мұндай кәсіби кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары жас көшбасшылар үшін ерекше маңызға ие.

 Әдіскерлер мен мектеп басшылары кәсіби даму жолында қолдануға болатын нақты ұсыныстар алды.

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст