«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану сабақтарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары» республикалық семинар

17.04.2025

     

2025 жылғы 15 сәуірде Алматы облысы Есік қаласында  «Жаратылыстану сабақтарында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары» атты республикалық семинар өтті.

        Ауқымды іс-шараға еліміздің әр түкпірінен келген тәжірибелі де білікті бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, қазіргі заманғы білім беру үдерісіндегі өзекті мәселені — зерттеу дағдыларын дамыту жолдарын жан-жақты қарастырды.

Ақмола облысының атынан семинарға:

  • Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аскарова Лагыл Самаркановна,
  • Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абылкалыкова Роза Батырхановна,
  • Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ахметбекова Алмагүл Айтмұханбетқызы қатысып, білім беру саласындағы тың идеяларымен, әдістемелік ізденістерімен және шығармашылық жаңашылдықтарымен бөлісті.

      Семинар аясында қатысушылар жаратылыстану пәнін оқытуда зерттеу жұмысын жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Олар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ғылымға деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған тәжірибелерді ортаға салып, өз іс-тәжірибелерінің озық үлгілерін таныстырды.

        Мұндай мазмұнды іс-шаралар – ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, еліміздегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст