«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту саласындағы педагог-шеберлердің үздік тәжірибелерін жариялау

21.04.2025

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдістемесі мен әдістерін жетілдіру мақсатында Ақмола облысының білім басқармасының Әдістемелік орталығы 2025 жылғы 30 қаңтар мен 17 сәуір аралығында 31 педагог-шебер қатысуымен функционалдық сауаттылықтың тиімді тәжірибелерін жариялау бойынша Ақмола облысының 1000-нан астам педагогы қамтылған бірқатар вебинар сериясын өткізілді.

Жариялау аясында оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығына бағытталған шеберлік сыныптары, коучингтер мен тренингтер келесі тақырыптары бойынша өткізілді:

  • дамытушылық сипаттағы оқу міндеттерін шешу;
  • күрделілік деңгейі әртүрлі есептерді шешу жолдарын талдау;
  • оқушыларға қиындық тудыратын тақырыптар бойынша тапсырмалардың шешімін талдау;
  • сызбалармен және графиктермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, диаграммаларды оқи білуге, есептерді шешу шарттарында ұсынылған мәліметтер негізінде кестелерді толтыруға бағытталған тапсырмаларды талдау.

Вебинар қорытындысы бойынша педагогтер функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша әр түрлі деңгейдегі тәжірибеге бағдарланған міндеттерді шешу бойынша практикалық дағдыларға ие болды.

Просмотров: 99


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст