2025 жылдың 18 сәуірінде Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық дамытушы ойындар мен ойыншықтардың рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Мақсаты — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіру.
Ақмола облысынан іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Конференцияда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ұлттық ойыншықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, мен санын арттыру; мектепке дейінгі білім беру мен ғылымның сабақтастығын қамтамасыз ету; жоғары оқу орындары мен колледждерді ойыншықтарды шығаруға тарту; заманауи теорияларды ұлттық құндылықтармен ұштастыру тақырыбындағы өзекті мәселелер қарастырылды.
Қатысушыларымыз “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын енгізу бағытындағы жұмысты дамыту үшін іс-шара мазмұнының жоғары маңыздылығы мен практикалық құндылығын атап өтті.