2025 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасының базасында «Ұлттық құндылықтар негізінде оқыту» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараға Ақмола облысынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтерінен құралған делегация қатысты.
Семинар мазмұны нәтижелі және танымдық сипатта құрылған. Өзекті мәселелерді қарастырды. Атап айтсақ: тәрбие-білім беру үдерісіне ұлттық құндылықтарды енгізу; балаларда патриотизм мен мәдени бірегейлікті қалыптастырудың практикалық әдістері.
Семинарға қатысушылар практикалық маңызы жоғары іс-шаралар мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.