Текст
«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VІI Республикалық байқауықазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК 2023 жылдың 14 мен 18 сәуір аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» РОСО» РМҚК-да өткізілді.
Республикалық байқауға Қазақстанның әр өңірінен 51 жас педагог қатысты, олардың еңбек өтілі үш жылдан аспайды.
«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты VII Республикалық жас педагогтер байқауының III кезеңінің қорытындысы бойынша «Ұлттық құндылықтарды насихаттаушы» номинациясы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы білім бөліміне қарасты Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ешімбай Нұржан Серікұлы грамотамен марапатталды.