2025 жылғы 23 сәуірде «Инклюзивті білім берудегі заманауи технологиялар, инклюзиядағы әлеуметтік кәсіпкерлік» атты семинар өтті. Іс-шара Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен, Ақмола облысы білім басқармасының облыстық әдістемелік орталығының қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинар ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды, сарапшыларды, педагогтерді, медицина мамандарын және әлеуметтік кәсіпкерлерді инклюзивті орта қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін талқылау үшін біріктірді. Семинар онлайн және офлайн форматта қатар өтті.
Семинарға қатысушылар қолданбалы мінез-құлық талдауының негізгі қағидаларымен танысты:
Аппараттық түзету технологияларымен нейропсихолог Ерёмина Е.К. және психотерапевт Хасенова Г.Ж. таныстырды. Олар БОС (биообратная связь), ТМС (транскраниалдық магниттік стимуляция) және отбасыларға арналған Skype-кеңестерді ұсынды.
Семинар мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіре отырып, инклюзивті тәжірибелерді кеңейту жолдарын талқылаған пікірталаспен аяқталды.