2025 жылғы 28–30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының бес өңірлік алаңында жоба кеңселерінің басшылары мен әдістемелік орталықтардың әдіскерлеріне арналған қысқа мерзімді көшпелі тағылымдама өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты — «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыруға қатысатын мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, озық тәжірибе алмасу және мақсатты мектептермен жұмыс жүргізудегі бірыңғай әдістемелік тәсілдерді қалыптастыру.
📚 Тағылымдама аясында қатысушылар:
- әдістемелік сүйемелдеудің тиімді өңірлік модельдерімен танысты;
- білім сапасын арттырудағы қолданыстағы тәсілдерге талдау жасады;
- мектептерге әдістемелік қолдау көрсету және педагогтерді трансформациялық үдерістерге тарту тетіктерін талқылады.
✅ Іс-шара қорытындысы — «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында білім сапасын жүйелі арттыру мақсатында әдістемелік орталықтарды трансформациялау және жоба кеңселерінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.