2025 жылғы 20 мамырда Республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының облыстық кезеңінің 2-туры өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес екі кезең жүргізілді. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша портфолио мазмұны мен эссе сапасы жағынан ең жоғары ұпай жинаған облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 5 педагогі екінші турға өтті.
Облыстық кезеңнің II турының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Гран-при иегері - Тлеулина Галия Жамалетдиновна, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының «Акбота» бөбекжайының музыка жетекшісі;
І дәрежелі доплом - Тулегенова Жанат Копжановна, Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІ дәрежелі диплом - Иванова Ирина Владимировна, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІІ дәрежелі диплом - Туребаева Разия Кенжалиевна, Қосшы қаласы «Амина-2011» балабақшасының тәрбиешісі.
Тлеулина Галия Жамалетдиновна Ақмола облысының өкілі ретінде Астана қаласында байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Сәттілік тілейміз!