2025 жылғы 28 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық ойлау мен логикалық дағдыларды дамыту» тақырыбындағы онлайн-вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты:
5–11 сынып оқушыларына арналған логикалық және математикалық ойлауды дамыту әдістерімен бөлісу, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және түрлі жастағы оқушылардың таным ерекшеліктеріне сай тапсырмалар ұсыну.
Міндеттері:
Математикалық және логикалық ойлауды дамытуда тиімді әдістерді анықтап, мұғалімдердің іс-тәжірибесін саралау арқылы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалармен қамтамасыз ету және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Вебинарға Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдері, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері мен пән мұғалімдері қауымдастығының өкілдері қатысты.
Модератор:
Болатова Ырсалды Хашимовна – Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының математика пәні бойынша әдіскері.
Вебинар бағдарламасы аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
• «Математикалық ойлаудың маңызы: Неліктен бізге логикалық дағдылар керек?»
Болатова Ырсалды Хашимовна, әдістемелік орталықтың математика пәні әдіскері.
• «8–11 сыныптарға: Комбинаторика мен ықтималдық элементтері»
Кенжебаев Серікболсын Абдинұрович, Zerdeli_Kokshetau филиалының атқарушы директоры.
• «Как адаптировать задания по возрасту?»
Сергеева Надежда Олеговна, Сандықтау ауданы, Приозёрное ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі.
• «5–7 сыныптарға: Геометриялық фигуралармен жұмыс»
Чинпулатов Жанабай Жұмабайұлы, Степногорск қаласы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі.
• «Источники качественных заданий»
Кабдулина Анар Серікқызы, Көкшетау қаласы №4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
Қорытынды бөлімде қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, спикерлерге сұрақтар қойылып, кәсіби мәселелер бойынша тәжірибе алмасу алаңы құрылды.
Вебинар мұғалімдердің кәсіби даму жолында маңызды тәжірибе алаңы болып, логикалық ойлау мен математика пәнін оқытуда тиімді әдістемелер