«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

30.05.2025
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерге келетін балаларға арналған «Біздің таланттарымыз» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқау қатысушыларға музыкалық шығармашылықта өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл олардың әлеуметтенуі үшін маңызды қадам, өйткені шығармашылықтың сүйікті түрімен айналысу мүмкіндігі шектеулі балаларға құрдастарымен табиғи тәжірибе мен жағымды әсер алуға көмектеседі. Алты номинация бойынша 22 жұмыс қаралды. 
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары:
«Үздік декламатор» номинациясы бойынша Семченко Владислав, «Ерейментау ауданы, № 2 психологиялық-пелагогикалық түзету кабинеті» КММ;
«Алтын дауыс» номинациясында –  Ержан Айару, «Жақсы ауданы Жақсы к. № 16 психологиялық-пелагогикалық түзету кабинеті» КММ;
«Кішкентай биші» номинациясында – Акимбаева Дильназ, «Бұланды ауданы Макинск қаласының № 9 психологиялық-пелагогикалық түзету кабинеті» КММ  
«Оркестр» номинациясында-Гайсин Азиза, Қанат Ясмин, Құсайын Кәусар, Фатакова Айзере, Хасен Нұрсая, Шенкербай Айлин «Целиноград ауданы Ақмол кентінің № 11 психологиялық-пелагогикалық түзету кабинеті» КММ
«Очумелые ручки» номинациясында – Тихон Матофонов, «Аршалы ауданы Аршалы кентінің № 13 психологиялық-пелагогикалық түзету кабинеті» КММ
Байқаудың барлық қатысушыларын құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыс тілейміз!
Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст