«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамыз конференциясы-2025: «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» секциясы

14.08.2025

2025 жылғы 14 тамызда «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы республикалық тамыз педагогикалық конференциясының жұмысы басталды.
Конференция аясында әдістемелік орталықтардың басшыларымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Отырысқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаев қатысып, өз құттықтау сөзін жеткізді.
Ғани Бектайұлы өз сөзінде әдістемелік қызметтің білім беру жүйесін дамытудағы ерекше рөлін атап өтіп, осы салада кәсіби мамандар даярлаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында әдістемелік кабинеттердің жұмысын жетілдіру, оқыту сапасын арттыру бағытындағы ұйымдастыру іс-шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, «Адал азамат» бағдарламасының іске қосылуының маңыздылығы айқындалды. Бұл бағдарлама оқушылардың адамгершілік қасиеттерін нығайтуға бағытталған, ұлттық тәрбиені қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Бұдан бөлек, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері де талқыланды.
Әдістемелік орталықтар басшыларының жұмысы еліміздегі білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің стратегиялық маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, білім сапасын арттырудағы рөлін нақты көрсетті.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст