21.08.2025
2025 жылғы 21 тамызда Көкшетау қаласындағы Техникалық мектеп-лицейінде Ақмола облысының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті. Іс-шара облыстық тамыз конференциясы аясында «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында ұйымдастырылды.
Отырыста «Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы» мәселелері қаралды. Жиынға облыс мектептерінің гуманитарлық пән мұғалімдері мен қауымдастық төрағалары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар құндылықтарға негізделген білім берудің маңыздылығын атап өтіп, Республикалық тамыз конференциясының негізгі тақырыптарын талқылады. Секцияның практикалық бөлімінде педагогтар қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымын өздігінен жасады: оқу мақсаттарын айқындап, критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар әзірледі, рефлексия түрлерін ойластырды және сабақтың барлық құрамдас бөліктерінің логикалық байланысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту, педагогикалық шығармашылықтың рөлі және авторлық бағдарламалардың маңызы қарастырылды.
Секция тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті және білім сапасын көтерудің маңызды қадамы болды.