«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы

21.08.2025

2025 жылғы 21 тамызда «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Техниқалық мектеп-лицейі» КММ базасында өткен «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» атты тамыз конференциясы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтерге арналған «Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы» тақырыбында секциялық отырыс өткізілді.

Секция жұмысының мақсаты-оқушының тұлға ретінде қалыптасуында тәрбие мен құндылыққа бағытталған оқытудың рөлін ұғынуға жағдай жасау, адалдық, еңбекқорлық және жауапкершілік сияқты негізгі қасиеттерді дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді айқындау, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында озат педагогикалық тәжірибе мен идеялар алмасу арқылы мектеп пен мұғалімнің болашақ кәсіби маманды дайындаудағы рөлін нығайту.  Секция жұмысына жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдер қатысты. 

Секция отырысында спикер ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жумагулова Зауре Абдыкеновна баяндама жасады. 

Секция отырысында жаңа оқу жылының басым бағыттары мен заманауи білім берудің негізгі мәселелері: сабақ жоспарлау, функционалдық сауаттылықты дамыту, бағалау, рефлексия туралы түсіндірме жүргізді.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст