«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық тамыз секциясы «Maman: кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері» тақырыбындағы педагог-профориентаторлар секциясы

21.08.2025

 

2025 жылғы 21 тамыз күні Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің базасында оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында «Maman: кәсіп таңдаудың жаңа көкжиектері» атты облыстық тамыз секциясы өткізілді.

Іс-шараға Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кәсіби бағдар координаторлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен облыс мектептерінің кәсіби бағдар беруші педагогтар қатысты.

Секция барысында қатысушылар білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар жұмысын дамытудың өзекті мәселелерін, оның тиімділігін арттыру жолдарын, білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар және ата-аналар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар, заманауи тәсілдер мен шығармашылық және кәсіби бағдар жобаларын жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст