«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының әдіскерлер слеті

18.09.2025

18 қыркүйек 2025 жылғы Көкшетау қаласындағы Мектеп-гимназиясы базасында Білім беру жүйесіне қойылған әдістемелік қызметтердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған міндеттерге сәйкес Ақмола облысында аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлерінің облыстық слеті өтті.
Шараға облыстың шамамен 100 әдістемелік қызмет маманы қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының басшысы Құрманғалиева Л.С. слеттің әдіскерлерге педагогтарды қолдау және білім сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық шешімдерді іздеу, тәжірибе алмасу мен диалог алаңы болғанын атап өтті.
Слет жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Умиралиева М.С. қатысып, әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың жұмысына қойылып отырған жаңа талаптардың мазмұны бойынша түсініктеме берді. Іс-шара барысында негізгі мәселелер қаралды:
- педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу жүйесін жетілдіру,
- жас мамандарға тәлімгерлік ету және қолдау,
- әдістемелік қызмет жұмысында цифрлық құралдарды енгізу,
- мектептерді нысаналы сүйемелдеу арқылы білім сапасын арттыру.
Облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері слет аясында келесі іс-шараларды ұйымдастырды:
- облыстық әдістемелік қызмет жетістіктері ұсынылған пленарлық отырыс,
- «Әдістемелік қызмет: дәстүрден инновацияға» педагогикалық хакатон,
- заманауи әдістемелік жұмыс түрлері бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары,
- мектептердің білім беру қажеттіліктерін мониторингтеу және диагностикалау мәселелері бойынша практикалық сессиялар.
Слет жұмысы облыс әдіскерлері үшін үлкен тәжірибелік маңызға ие болды, олар педагогтарды сүйемелдеуді дамытуға арналған тиімді құралдарға қол жеткізді.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст