«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Функционалдық цифрлық сауаттылықты дамыту: ассистивтік технологиялар» тақырыбында семинар

19.09.2025

2025 жылғы 18–19 қыркүйек күндері Көкшетау қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Функционалдық цифрлық сауаттылықты дамыту: ассистивтік технологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинар «Цифрлық сауаттылық» жобасы аясында өтті. Жоба Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ арасындағы 2021–2025 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде бизнес-сектордың қолдауымен жүзеге асырылуда.
ЮНИСЕФ Ақмола облысында мынадай бағыттар бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді:
• балалардың ассистивтік технологияларға қажеттілігін бағалау;
• осы салада шешім қабылдайтын негізгі тұлғалармен сұхбаттар ұйымдастыру;
• қажетті ассистивтік құрал-жабдықтарды сатып алу;
• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың мамандарын, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің қызметкерлерін, сондай-ақ пилоттық мектептерді кейіннен сүйемелдеу мақсатында информатика пәні мұғалімдерін оқыту.
Пилоттық мектеп ретінде Көкшетау қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектеп анықталды.
Оқыту ЮНИСЕФ халықаралық сарапшылары мен мамандарының қатысуымен өтті: профессор Мэй Агиус — ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы және цифрлық инклюзия бағдарламасының авторы; Татьяна Адерихина — ЮНИСЕФ-тің білім беру жөніндегі маманы; Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі; цифрлық инклюзия бағдарламасының авторы профессор Мэй Агиустың тікелей даярлауынан өткен, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының сертификатталған тренерлері.
Семинар барысында цифрлық инклюзияның практикалық қырларына ерекше көңіл бөлінді. Қор ерекше білім беруді қажет ететін балаларға, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылыстары бар балаларға арналған жанама коммуникация құралдарының 33 жиынтығын тапсырды. Көкшетау қаласының педагогтері балалармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, оларды оқу процесіне табысты қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету мен қосымшалармен танысты.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст