04.11.2025
Көкшетау қаласында 2025 жылғы 3-4 қараша күндері инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысу нәтижелерін қорытындылау мақсатында «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатарынан 160-тан астам қатысушы қатысты.
Дүниежүзілік конгреске қатысқан педагогтер Конгрестің негізгі тақырыптары мен өзекті үрдістерін таныстырып, алынған тәжірибені облыстағы білім беру ұйымдарының практикасына енгізу жолдарын ұсынды.
Семинардың пленарлық бөлігін Ақмола облысы білім басқармасының басшысы А. Балташева ашып берді, ал ҚР Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері, Паралимпиада ойындарының қатысушысы Қ. Сейтжан құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың екінші күнінде төрт түрлі алаңда педагогтер ашық сабақтар мен іс-шараларға қатысып, тренингтер мен шеберлік сағаттарында тәжірибе алмасты, практикалық кейстерді талқылады.
Жалпы, семинар қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы одан әрі жұмыстың бағыттарын айқындады.