Жаздың бірінші күні мектеп балаларының бетіне күлкі ұялатады. Өйткені, ең ұзақ демалыс үш керемет ай басталады. 1 маусым күні көптеген елдер Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтетіндігімен ерекшеленеді. Мерекенің тарихы 1949 жылдан басталады, Парижде әйелдер конгресінде барлық мүгедек балаларды қорғау туралы мәселе көтеріліп, келесі 1950 жылы 1 маусым алғаш рет Балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті.
Бүгін жаздың бірінші күні, ал онымен бірге ең басты балалар мерекесі – Балаларды қорғау күні. Балалар әрқашан да шынайылық пен әділеттіліктің, жақсылықтың көрінісі. Балалар – біздің болашағымыз, ал ересектер балалардың бейбітшілікте өсіп - өнуі үшін қажетті жағдайын жасауы керек. Әрине, баланың ең сенімді қорғанысы-дені сау, тату, ауқатты отбасы.
Әлемдегі әр бала сүйікті, дені сау және бақытты болуға лайықты! Балалардың армандары орындалып, ал сыңғырлаған күлкілері біздің әлемді көркейте берсін! Құрметті ата-аналар, қадірлі балғын балалар мереке құтты болсын!
/public/files/2021/6/1/010621_124425_vid-20210601-wa0031.mp4
/public/files/2021/6/1/010621_124658_vid-20210601-wa0032.mp4
/public/files/2021/6/1/010621_125304_vid-20210601-wa0027.mp4