Білім алушыларды жазғы жұмыспен қамту, каникул кезеңінде балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында2021 жылғы 4 маусымда отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері үшін «Жазғы демалыс, балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңдегі жұмыспен қамтылуы» тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталған іс-шараға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Балалар үшін жазғы кезең демалу, қуат алу, моральдық және эмоционалды күштердің орнын толтыру уақыты болып табылады. Жазғы сауықтыру алаңын ұйымдастырумен айналысатын педагогикалық ұжымның басты міндеті жазғы кезеңде лагерьде және үйде балаларды олардың қауіпсіздігі туралы хабардар ету, табысты жұмыстың кепілі - Ақмола облысының білім беру ұйымдарының отбасылық клубтарының басшыларының мойнына артатын балалар үшін көптеген қызықты іс-шараларды ұйымдастыру.
Ақмола облысы білім басқармасының «Зеренді ауданы Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубының жетекшісі Қошкинова Махаббат Ерікқызы, «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Полтавка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Шаңырақ» отбасылық клубының жетекшісі Наталья Анатольевна Ермошина жазғы кезеңде оқушылардың демалысы мен жұмыспен қамтылуын жоспарлау туралы ойларымен бөлісті.
Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ли Марина Борисовна балалардың демалысы мен жұмыспен қамтылуының үш моделін іске асыру туралы айтып өтті. Демалыс уақытында балалардың жақсы демалуы, сауықтырылуы және қауіпсіздігі білім басқармасының жобасының негізгі міндеті болып табылады.
Жазғы кезеңде оқушылар мен жасөспірімдердің ұмытылмас және тамаша жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін ұсынымдар әзірленіп, аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жіберілді.