Ақмола облысының мемлекеттік орта білім беру ұйымдары арасындағы жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурсқа қатысуға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мектептерінен 16 өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарап, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ жеңімпаз деп таныды.
Конкурсты өткізу тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытындылауға және таратуға мүмкіндік береді.
Конкурстың барлық қатысушыларына қызықты және мазмұнды жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Жеңімпазды құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!