«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында панельдік сессияны өткізу туралы ақпарат

12.08.2021

2021 жылғы 12 тамызда облыстық тамыз кеңесi аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  тақырыбында  панельдiк сессия отырысы өтті.

Панельдiк сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директорының орынбасары М.Хасенова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Ж.Әбілқайырова, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жетекшілік ететін қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 530-дан астам.

Панельдік сессияда 2021-2022 оқу жылына арналған нұсқаулық - әдістемелік хат негізінде аталмыш пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқушылардың білім сапасын арттырудағы, білім олқылықтарын толықтыру басқа да  мәселелер талқыланды. Қатысушылар жоспарлау, оқу мақсаттары, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.

Сессия жұмысы табысты, нәтижелі болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жаңа оқу жылында толағай табыстарға жетуді тілейміз!

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст