Ағымдағы жылдың 13 тамызында Ақмола облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметінің жұмысын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілерінің секция отырысы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Қарлығаш Амангельдиновна Мухамеджанова, Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Майра Исполовна Искакова, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер қатысты.
Қатысушылар келесі өзекті мәселелерді талқылады: білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеудің ерекшеліктері; білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер; ҚР Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. Қатысушылардың барлық сұрақтарына спикерлер түсініктеме берді.
Бурабай және Бұланды аудандарының әдістемелік кабинет қызметкерлері инновациялық қызметті әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша облыстың білім беру жүйесінің әдістемелік қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.