«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында мектептегі білім берудің математикалық мазмұны»

13.08.2021

2021 жылғы 13 тамызда облыстық тамыз кеңесі шеңберінде онлайн режимінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне арналған «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында мектептегі білім берудің математикалық мазмұны» панельдік сессиясының отырысы өтті. Мақсаты: оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру.

Панельдік сессия жұмысына 600-ден астам педагог қатысты: Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директорының орынбасары Хасенова Мадина Бельгибаевна, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, Ақмола облысының математика пәні бойынша қауымдастығының төрағалары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері.

Мадина Бельгибаевна құттықтау сөзінде қазіргі заманғы мұғалімнен жоғары педагогикалық шеберлікті, жеке қасиеттерді, құзыреттілікті, үнемі өздігінен білім алуды, инновацияларға ашықтықты, өз жұмысының нәтижелілігін талап ететінін атап өтті. Сессия жұмысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында мектептегі білім берудің математикалық мазмұны, оқу сабақтары және сабақтан тыс қызмет шеңберінде оқушылардың математикадан зерттеу қызметін ұйымдастыру, жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Педагогтер практикада қолданылуы мүмкін функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін  ұсынды.

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша облыс педагогтері қызметінің 2021-2022 оқу жылдарына арналған басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст