«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдерінің «Заманауи мектепте информатиканы оқыту - өзекті мәселелер мен перспективалар» облыстық панельдік сессиясын өткізу туралы ақпарат

17.08.2021

2021 жылғы 13 тамызда облыстық тамыз кеңесі аясында онлайн режимінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Заманауи мектепте информатиканы оқыту – өзекті мәселелер мен перспективалар» тақырыбында панельдік сессия өтті

Панельдік сессия жұмысына облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 400-ден астам педагог, «Информатика» пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Өрлеу»БАҰО  АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ маманы А. Б. Омарова қатысты.

Панельдік сессия барысында информатика пәнін оқыту мазмұнын жетілдіру, оқушылардың АКТ-құзыреттілігі дағдыларын дамыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, информатика сабақтарында оқушылардың өзіндік танымдық қызметін жандандыру тәсілдері, сабақта пәнаралық байланыстарды қолдану мәселелері талқыланды. Смарт-оқыту, робототехника, STEAM білім берудегі заманауи трендтер мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өткізілген панельдік сессияның маңыздылығын атап өтіп, облыс педагогтерінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмысының басым бағыттарын анықтайтын ұсыныстар жасады.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст