2021 жылғы 13 тамызда дәстүрлі жылсайынғ тамыз кеңесі аясында онлайн режимінде «Химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбы бойынша химия мұғалімдерінің панельдік сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директорының орынбасары, жалпы білім беретін мектеп педагогтері, химия пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері құрамында үш жүзден астам педагог қатысты.
Панельдік сессия барысында химия мұғалімдері З.К. Сагидулина, И.В. Папинигис, Г.Б. Сеитова, И.О. Исаева пәнді оқытуда оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, химия пәні бойынша оқу процесін оңтайландыру жолдарының бірі ретінде оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, шағын жинақты мектепте химия сабақтарында табиғи ғылыми функционалдық сауаттылықты дамыту, химия пәнін оқытуда қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімділігін арттыру тәсілір етінде химия сабақтарында АКТ және химия сабақтарын өткізу кезінде 5Е оқыту циклінің әдістемесін пайдалану,практикаға бағытталған контексте шешілетін мәселені ескере отырып сабақ өткізу жөніндегі мәселелер тыңдалып, талқыланды.
Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері қызметінің 2021-2022 оқу жылына арналған басым бағыттарына йқындайтын, кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпалететін ұсынымдар әзірленді.