2021 жылғы 13 тамызда Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі аясында онлайн режимінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің физика пәні педагогтеріне арналған «Жаңа оқыту жағдайында физика сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында панельдік сессия отырысы өтті.
Панельдік сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, үш жүзден астам педагог: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Физика» пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары қатысты.
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсініктемелер берілді. Конференцияға қатысушылар спикерлер Г.К. Шокимова, Б.К. Калыкова, Б. Ә. Әлмеш, К. З.Шаимова, К. У. Муханованың баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.
Физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру шарты ретінде физика сабақтарында заманауи білім беру технологияларын пайдалану, физика пәні мұғалімінің тәжірибесінде интернет ресурстарды пайдалану мәселелері талқыланды.
Физика мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар талқыланып, қабылданды.
Барлық мұғалімдерге барлық шығармашылық идеяларды жүзеге асыруды және мықты денсаулық пен әрдайым жақсы көңіл-күй тілейміз!