«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология пәні мұғалімдерінің «Заманауи мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: кедергілер мен перспективалар» облыстық панельдік сессияны өткізу туралы ақпарат

17.08.2021

2021 жылғы 17 тамызда Ақмола облысы биология пәні мұғалімдерінің «Заманауи  мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: кедергілер мен перспективалар»дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Панельдік сессия барысында педагогтермен Торсунова  Б.Р.,Яськова И. В, Кадырова Б. Б,Забиякина О. С,Орынбекова Л.К«Биология» пәні бойынша орта білім берудің өзекті мәселелері, зерттеу сипатындағы қолданбалы жұмыстарды жүргізу кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері, қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою алгоритмі, педагогтың шығармашылық қызметінің негізгі аспектілері, жаңа буынның электрондық білім беру ресурстарын пайдалану негізінде сабақ модельдері, сабақта экономикалық білім элементтерін қолдану бойынша мәселелер тыңдалып, талқыланды.

Барлық ұсынылған баяндамалар чат және еркін микрофон арқылы талқылауға қосылған сессия қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.Мұндай тәжірибе алмасуды барлық қатысушылар үшін өте тиімді деп бағалау керек, өйткені барлық баяндамалар спикерлердің – биология пәні мұғалімдерінің практикалық тәжірибесіне негізделген.Бұл сессия қатысушыларына алдағы оқу жылына арналған пәнді оқытудың жалпы стратегиясын әзірлеуге, сондай-ақ қызметтің негізгі әдістемелік аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік берді.
 

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст