2021 жылғы 17 тамызда педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі шеңберінде «Заманауи білім беруде оқушылардың ашық сана-сезімінің қағидаларын қалыптастыру» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі педагогтердің секция отырысы өткізілді.
Секция жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәрбиеші жетекшілер, ББ мамандары, ООӘК әдіскерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 604 адам.
Секцияны өткізу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: онлайн форматта тәрбие жұмысын ұйымдастыру, заманауи мектепте рухани-адамгершілік тәрбиені жетілдіру, мектептегі өзін-өзі басқару білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі ретінде, қосымша білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл арқылы оқушыларды экологиялық тәрбиелеу, Ақмола облысының білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалысты дамыту және ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысы жөніндегі педагогтер сессиясының қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып, қабылданды, сонымен қатар алдағы оқу жылына басым міндеттер қойылды.
Құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылында сіздерге зор денсаулық және сарқылмас қуат, шығармашылық табыс тілейміз!