17 тамызда мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысы өтті. Секция барысында Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Майра Исполовна Искакованың біліктілікті арттыру курстары туралы ақпараты тыңдалды. Екінші спикер болып Көкшетау қаласының №19 орта мектебі директорының орынбасары Тохан Манаргуль қысқартылған типтік оқу жоспарын оқу үрдісінде сапалы ұйымдастырудың маңызы және тиімді жолдары жайлы сөз сөйледі және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Мадина Белгібайқызы Хасенова 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Отырыстың екінші блогы пікірталас алаңы түрінде өтті, онда мектеп директорларының жаңадан тағайындалған орынбасарлары өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды. Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №2 орта мектебі директорының орынбасары Татьяна Гибнер білім беру процесін бақылауды, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру процесіне әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Мектептің бейіндеуіне ықпал ететін оқу жүктемесін қысқарта отырып, үлгілік оқу жоспарларын енгізу бойынша өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігі жасалды, осы жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Секция отырысының жұмысы толымды, мағыналы мазмұнда өтті.