«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасылық тәрбие әдістері және ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» ата-аналар қоғамдастығына арналған панельдік сессияны өткізу туралы ақпарат

18.08.2021

2021 жылғы 18 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесі аясында ата-аналар қоғамдастығының өкілдеріне арналған «Отбасылық тәрбие әдістері және ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» секциялық отырыс өткізілді.

Сессия жұмысына білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық (қалалық) тәрбие жұмысы жөніндегі білім бөлімдерінің әдіскерлері, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, қамқоршылық және ата-аналар комитеттерінің төрағалары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 520 адамды құрады.

Аталған іс-шараға «Қазақстанның Әкелері» республикалық әкелер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Ақмола облысы бойынша «Дарын – онлайн» республикалық платформасының, «ЕN BAQYTTY EL» ҚҚ өкілдері шақырылды.

Секцияны өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудегі құндылықты бағыттағы тәсіл бағдарламасын іске асыру, «Дәстүр мен ғұрып» республикалық жобасын іске асыру аясында балаларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді енгізу, мобильді электрондық білім беру, ата-аналарға көмек көрсететін цифрлық орта талқыланды, сонымен қатар білім алушылар мен педагогтердің эмоциялық зиятын қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударылды.

Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып, жаңа оқу жылында отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы бойынша басым міндеттер қойылды.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст