«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазіргі заманғы оқыту жағдайында мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру»

18.08.2021

2021 жылғы 18 тамызда облыстық тамыз кеңесі аясында онлайн режимде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының «Қазіргі заманғы оқыту жағдайында мамандарды кәсіптік даярлау сапасын арттыру» секциясының отырысы өтті.

Секция жұмысына білім басқармасының мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, колледж директорларының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Отырысты Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ТжКОБ бөлімінің басшысы С.Сералина ашып, барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қатысты нормативтік құжаттардағы өзгерістермен таныстырды.

Ұйымдардың академиялық дербестігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы «Talap» КЕАҚ-ның бас менеджері Е.Сыздыков айтып өтті.

Колледж директорларының орынбасарлары Атбасар қаласы аграрлық-индустриялық колледжі директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары В.Зардиева, Ерейментау қаласының агротехникалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дюсенбаева баяндаған білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларының іске асырылуы туралы, дуальды оқыту жүйесін, модульдік-құзыреттілік тәсілдемесін енгізу нәтижелері туралы ақпаратты тыңдады.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республика колледждерінде кредиттік оқыту технологиясы енгізілуде. Дайындықтың қалай өтіп жатқаны туралы Көкшетау қаласы, азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Рамазанова айтып өтті.

«Жас маман» жобасына облыстың 11 колледжі, оның ішінде Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі қатысады. Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Магавина Soprano фин технологиясы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы баяндады.

2020 жылдың қыркүйегінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бағалаудың жаңа жүйесін енгізе бастады. Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Баткульдина, Красный Яр ауылының агротехникалық колледжі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Бекбауова балдық-рейтингтік бағалауды енгізу туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырысқа қатысушылар колледждердегі академиялық еркіндік, қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін білікті мамандар даярлау үшін жағдай жасау, шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша директор орынбасарлары ұсынымдар қабылдады.

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст