2021 жылғы 18 тамызда Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің аясында онлайн режимде «WorldSkills Kazakhstan платформасы – ТжКББ жүйесінде құзыреттер мен кәсібилікті дамыту негізі» тақырыбы бойынша WorldSkills Aqmola аймақтық чемпионаты сарапшыларының сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына 100-ден астам өңірлік сарапшылар қатысты. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Көкшетау қаласы «Құрылыс-технологиялық колледжі» КММ бас сарапшысы Р. Хамзин құттықтау сөзінде колледждердегі білім беру процесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістермен таныстырды. Секцияда WorldSkills қозғалысының «Талап» КЕАҚ бас менеджері А.Есдавлетова, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Евменова С. Н., Аршалы қаласы агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Никитенко Ю. В., Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжінің оқытушысы Коровин А. И., Есіл қаласы агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Губайдулина А. Д., Щучинск қаласы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Коломиец О. В., Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі өндірістік оқыту шебері Корчевная О.Д., сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Отырысқа қатысушылар 2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздерін, оқу процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу туралы мәселелерді, корпоративтік/салалық чемпионаттарды өткізу, JuniorSkills, Abilympiks, DeafSkillls чемпионаттарын ұйымдастыру және 2021 жылғы Worldskills Kazakstan Ұлттық чемпионатына қатысушыларды дайындау мәселелерін талқылады.
WorldSkills аймақтық чемпионаты сарапшыларының сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар талқыланды және қабылданды.