«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары секциясының отырысы

18.08.2021

2021 жылғы 18 тамызда педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында педагог-психологтар секциясының отырысы өтті.

Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметінің әдіскерлері, педагог-психологтардың қалалық және аудандық әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың педагог-психологтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 508 адам.

Секция отырысына Ш.Уәлиханов атындағы  КУ КЕАҰ педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Ракишева Гульмира Мадиевна, «Жизненный путь» отбасы мен баланы қолдау ақпараттық-ресурстық орталығы»  ҚҚ атқарушы директоры Батыралиева Анар Дулатовна, «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қорының Ақмола облысы бойынша өңірлік басшысы Жакупов Жанат Еркинович  шақырылды.

Секция барысында психологиялық қызметтің жұмысын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, психолог-педагогикалық зертхананың 2020-2023 жылдарға арналған жоспарын іске асыру, диагностика педагог-психолог жұмысындағы маңызды құрал, педагог-психолог жұмысындағы ақпараттық-ағартушылық бағыттың рөлі, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, Ақмола облысындағы жасөспірімдік суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаның мүмкіндіктері мен жұмысының жай-күйі сияқты өзекті  мәселелер талқыланды

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша педагог-психологтардың ұсыныстары талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ, алдағы оқу жылына арналған өзекті міндеттер қаралды.

Құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылында сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық өрлеу және сарқылмас ресурстар тілейміз!

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст