«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білім беру ортасы: инновациялар, мазмұны, басқару формалары мен әдістері" тақырыбындағы жалпы білім беретін мектеп директорларының тамыз конференциясы аясындағы отырысы

19.08.2021

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында "Білім беру ортасы: инновациялар, мазмұны, басқару формалары мен әдістері" тақырыбында жалпы білім беретін мектеп директорларының секциясы өтті.

Секция жұмысына жалпы білім беретін мектептердің облыстық директорлар кеңесінің мүшелері,  директорлар, жалпы білім беретін мектептердің аудандық (қалалық) Директорлар кеңесінің басшылары, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, шағын жинақталған мектептердің, мектеп-лицейлердің, мектеп-гимназиялардың директорлары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық(қалалық) әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Секция барысында мектеп директорларының басқару қызметі туралы   "KERIM" Халықаралық Директорлар Лигасы" білім беру қорының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілектес Сайхатанқызы Шингужинова айтып берді. Заманауи мектептің ерекшеліктері туралы Ұлттық Ұстаз - онлайн Академиясы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, "Global САПА" ОО құрылтайшысы Қорғанбаева Гүлмира Аманжолқызы сөз сөйледі. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Қарлығаш Амангелдіқызы Мұхамеджанова білім беру ұйымдарының қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешу, білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы айтты.

Мектептің әдістемелік активтері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен жұмыстың түрлі бағыттары туралы Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренерлері - Мусина Айгүл Дәулетжанқызы,  Журба Лилия Витальевна баяндады.

Сонымен қатар, секция жұмысы барысында Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының директоры Күшекова Бибігүл Қуанышқызы "Smart серікестік" инновациялық жобасы тәжірибесімен бөлісті.

Мектеп директорлары өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысты. Спикерлер барлық сұрақтарға түсініктеме берді.

Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст