2021 жылғы 26 тамызда онлайн режимде «Бала, ата-ана, мектеп - 2021-2022 оқу жылының басталуы» тақырыбында облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Аталған іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары, облыстың білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің және ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Барлығы 380 адам қатысты.
Жиналыс барысында облыстың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары, білім беру мекемелерінің қорғалған ортасын қамтамасыз ету, діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, отбасының әлеуметтік функциялары, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі жөніндегі мәселелер қаралды.
Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының бастаулы, ұзақтығы, каникул кезеңі, жаңа оқу жылының форматы мен мазмұны туралы Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л.Құрманғалиева түсіндірме ақпарат берді.