«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 қыркүйек - Қазақстанда « Отбасы күні» мерекесі

10.09.2021

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» атап өтіледі. Бұл мереке еліміздің Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылды және алғаш рет 2013 жылы атап өтілді.

Мерекенің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру бойынша ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру болып табылады.

Отбасының рөлі - ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Отбасы әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын және жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінің алғашқы сатысы. Мемлекеттің болашағы балалардың қоғамның толыққанды мүшелері ретінде қалыптасу процесінің қаншалықты сәтті болатынына тікелей байланысты. Сондықтан отбасы, ана, әке және бала институтын қорғау кез келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі болып табылады.

Махаббат пен адалдыққа толы бұл жарқын отбасылық мерекеде әрбір қазақстандық отбасына денсаулық, амандық, молшылық пен бейбітшілік тілейміз!

Просмотров: 486

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст