«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы»
облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы ақпарат
Отбасы-баланың дамуы мен қалыптасуындағы маңызды буын. Облыстың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы барлық тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең түрде қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі. «Отбасы – мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасына бағытталған.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облысының білім беру мекемелері арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсы өтті. Аталған іс-шараға 17 аудандық( қалалық) білім бөлімдерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурс екі турдан тұрды: отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар портфолио; отбасылық құндылықтар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер туралы бейнеролик.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды :
1 орын – Жақсы ауданы, А. Әбдірахманов атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;
2 орын – Ерейментау ауданы, Еркіншілік орта мектебінің «Күншуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;
2 орын – Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің «Радость общения» отбасылық қарым-қатынас клубы ;
3 орын – Атбасар ауданы, Шу орта мектебінің «Ұрпақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ;
3 орын – Аршалы ауданы, Ж. Тәшенов атындағы орта мектебінің «Мерейлі отбасы» отбасылық қарым-қатынас клубы;
3 орын - Сандықтау ауданы, Приозерное а. орта мектебінің «Біз біргеміз» отбасылық қарым-қатынас клубы.
«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және отбасы құндылықтарын нығайту бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыста шығармашылық табыстар тілейміз.