«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім беру бағытын айқындау» облыстық семинары туралы ақпарат

27.09.2021

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 23 қыркүйекте «Жалпы білім беретін білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім беру бағытын анықтау» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша облыстың ресурстық орталықтары мен тірек ұйымдарының мамандары мен үйлестірушілері қатысты. Барлығы 75 адам қатысты.

Семинарда жалпы білім беретін ұйымдарда (мектептерде, балабақшаларда) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту бойынша өзекті мәселелер қаралды: оқытудың  білім беру бағдарламасын анықтау, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың есебін жүргізу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке бағдарламаларын, жеке білім беру бағдарламаларын жобалау, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері.

Семинар жемісті өтті және семинарда сөз сөйлеген облыстың тірек балабақшалары мен мектептерінің педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу кезінде құжаттарды жүргізу, педагогикалық әзірлемелер, идеялар мен ұсыныстар бойынша өз  тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда сөз сөйлеу үшін дайындалған материалдар зерделеу және енгізу үшін барлық тірек ұйымдарға электрондық пошта арқылы жіберілетін болады.

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст