«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» ғылыми конференциясы туралы ақпарат

28.09.2021

Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде Ақмола облысы Білім басқармасының бастамасымен  ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» ғылыми конференция  өтті.

Конференция жұмысына Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы қатысты. Ол өз сөзінде көрнекті қазақ педагог-ағартушысы, жазушысы, этнографы, фольклоршысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин мұрасының қазақ халқының ағарту тарихындағы маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми конференцияның спикері ретінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, педагогикалық ғылымдар кандидаты, профессор, «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы, Педагогика ғылымдарының магистрі,  Көкшетау Мемлекеттік университетінің оқытушысы Шагирбаева Бақытгүл Қошқарбайқызы, Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Мукушева Каракоз Сериковна, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ережепова Гульбира Батыровна, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кадралиева Гульнар Ануарбеккызы сөз сөйледі.

Конференцияның соңында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы конференция қатысушыларына алғыс білдіріп,  педагог қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен  құттықтады.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст