Текст
2021 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай қаласында «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында «Үздік педагог» республикалық конкурстың қорытындысы бойынша еліміздің үздік педагогтерін марапаттау рәсімі өтті.
«Үздік педагог» атағына Көкшетау қаласы «Өркен» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировна және Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеевна ие болды.
Жеңімпаздарды жоғары марапаттарымен құттықтап, кәсіби салада шығармашылық жетістіктер тілейміз!