«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің IX шығармашылық конкурсы туралы ақпарат

18.10.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 қазанда Көкшетау қаласында Bolashag Saraiy базасында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің IX республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты-пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы игере алатын дарынды, шығармашыл қызметкерлерді анықтау, қолдау және ынталандыру.

Дәстүрге айналған шығармашылық конкурс көптеген басқа конкурстардан математика, физика және информатика мұғалімдерінің кәсіби қасиеттерінің көрінісі ынталандыру арқылы ерекшеленеді.

Жұмыс барысында қатысушылар есептерді  шеше білу, шешілген есептердегі қателіктерді таба білу, тапсырманың дүрыс құрылмаған  шарттарын талдай білу қабілеттерін көрсете білді.Сондай-ақ математикалық эрудициясын, мектеп бағдарламасының бөлімдеріндегі білімін көрсетті.  Информатика пәні бойынша қатысушыларға 6 тапсырма ұсынылды, әр тапсырма 100 ұпаймен бағаланды. Жұмысты 3 бағдарламалау тілінің бірінде орындау ұсынылды: Pascal, Python  және C++.

Облыстық тур тапсырмаларын орындауға 3 сағат бөлінді

 Конкурсқа 40-тан астам математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.

Математика пәні мұғалімдерінің арасында:

1 орын – Нурлыбаев Аян Сержанович, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі;

2 орын– Шаяхметова Орынбасар Сериковна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі;

3 орын – Бейсенбаева Кенжитай Аркановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы»  КММ, математика пәнінің мұғалімі.

Физика пәні мұғалімдерінің арасында:

1 орын – Шорманов Сагдат Мынжасарович, Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп – интернаты» КММ, физика пәнінің мұғалімі;

2 орын – Шайзада Байболат, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT лицейі»  КММ, физика пәнінің мұғалімі;

3 орын – Макашева Маржан Солтанбековна, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі» КММ, физика пәнінің мұғалімі.

Информатика пәні мұғалімдерінің арасында:

1 орын – Михалева Елена Валерьевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы» КММ, информатика пәнінің мұғалімі;

2 орын – Бардаль Сергей Владимирович, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының мектеп-балабақшасы»  КММ, информатика пәнінің мұғалімі;

3 орын – Цимбал Артем Сергеевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.

Педагогтерге  IX республикалық шығармашылық конкурсындаАқмола облысының намысын қорғауға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст