«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында «Үздік психолог» облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы ақпарат

22.10.2021

2021 жылғы  21-22 қазан күндері облыстық сырттай «Үздік психолог» конкурсы өтті.

Конкурс педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді.

Конкурсқа қатысушылар алдын ала іріктеу аудандық турларының қорытындысы бойынша педагогтердің мәлімделген ерекшеліктері өкілдерінің үздіктері болып табылады. Ең бастысы, жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан, жас маманнан бастап «жан туралы ғылымның» атақты корифейлеріне дейін әрбір қатысушы тиісті санат бойынша қатыса алады: I санат–3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар; II санат–3-7 жылжұмыс өтілі бар; III санат–7 жылданастам жұмыс өтілі бар психологтар.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық сырттай конкурсының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

Бас жүлде – Ахметова Аида Бейсенқызы, Жақсы ауданы Қийма ауылының  Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог - психологы.

I санатта:

I орын–Фомина Регина Васильевна, Ақкөл ауданы М.Горький атындағы мектеп-балабақшасының  педагог-психологы;

II орын–Абдуәхит Айым Елюбайқызы, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы;

III орын–Аманжолова Айдана Муханбетжанқызы, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының педагог-психологы.

II санатта:

І орын–Ерболат Шағуан, Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы;

II орын–Абзал Ахерке, Зеренді ауданы Чаглинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы;

III орын–Сергеева Татьяна Николаевна, Сандықтау ауданы Новоникольское ауылының жалпы орта  білім беретін мектебінің педагог-психологы.

III санатта:

I орын–Шиндина Марина Анатольевна, Атбасар ауданы Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы;

II орын–Свинцицкая Александра Александровна, Шортанды ауданы Андреевка ауылының жалпы орта  білім беретін мектебінің педагог-психологы;

III орын–Муканбеталина Баян Сапаргалиевна, Целиноград ауданы Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы.

Конкурстың жеңімпаздары, номинанттары мен қатысушылары сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жақсы марапттау алып, шығармашылық толқулар, көптеген жағымды, позитивті эмоциялар алды.

 

        Тәрбие бөлімінің әдіскері, педагог – психолог: И.И.Ермуханова

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст