Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 27 қазанында «Жыл отбасы» облыстық сырттай байқауы өтті. Аталған іс-шараға облыстың 19 ауданынан (қалала) аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеу - заманауи берудің өзекті мәселесі. Дәстүрлі байқаудың мақсаты отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады. Байқау материалдарында қатысушылар отбасының және баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту, отбасының қайырымдылық және волонтерлік қызметке қатысуы жайлы ақпараттар ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды:
1 орын - Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы;
2 орын - Целиноград ауданы Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің отбасы;
2 орын - Аршалы ауданы Аршалы кентінен Медет Берікбайұлы Сейдабзаловтың отбасы;
3 орын - Сандықтау ауданы Максимовка ауылынан Кулис Сергей Юрьевичтің отбасы;
3 орын - Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Сейлханұлы Оразалиннің отбасы;
3 орын - Жақсы ауданы Жақсы ауылынан Аслан Кеңесбекұлы Жақсыбаевтың отбасы.
Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.